АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Астанадағы супермаркеттердің бірінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген елорда тұрғыны бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды қалалық сот баспасөз қызметі.
Соттың берген мәліметінше, оқиға 2016 жылы 12 желтоқсанда болған. С. есімді азамат мас үкйінде полицияға хабарласып, SMALL супермаркетінде жарылыс болатыны туралы айтқан.
Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен С. есімді азамат ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық заңына сәйкес жаза мерзімі бір жыл алты айға дейін қысқартылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.