АСТАНА, 29 нау — Sputnik. Қазақстан елордасының әуе айлағына тегін автотұрақ уақытын қысқартқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды табиғи монополияларды реттеу жəне бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" РММ-мен (бұдан әрі-Департамен) Астана қаласының Халықаралық әуежай вокзалы маңындағы алаңының көлік құралдарының тұру қызметі нарығына жүргізілген талдау негізінде басталған, "Международный аэропорт Астана" АҚ —не (бұдан әрі — Серіктестік) қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы бұзылуының тергеу нәтижелері Департамент басшысының бұйрығымен бекітілді.
Қоғам әрекеті ҚР ӘҚБтК 159 бабы 3 бөлігі бойынша сараланды, атап айтқанда өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалану, яғни әуежайда тегін тұру уақытын 30 минутан 20 минутқа қысқарты.
ҚР ӘҚБтК 159 бабы 3 бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылық үшін, Қоғам Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2017 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен әкімшілік жазаға тартылды және мемлекеттің табысына өндіріп алуға табыс көлемінің бес пайызы мөлшіреде айыппұл салынды, ол 7 816 069,3 (жеті миллион сегіз жүз он алты мың алпыс тоғыз теңге 3 тиын) теңгені құрады, монополистiк қызметтi нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс 57 317 830 (елу жеті миллион үш жүз он жеті мың сегіз жүз отыз) теңге тәркiленді.