АСТАНА, 29 нау — Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өзінің сайтында Қазақстанға саяхатқа аттанатын американдықтарға арналған жаднама жариялады.
"Жалпы терроризм қауіпі бар. Шабуылдар шетелдіктер баратын орындарды қосқанда түсініксіз болуы мүмкін. Қазақстандық билік тарапынан жасалған қауіпсіздік туралы кез келген хабарламаларға мұқият болыңыздар. Қандай да бір күмән болған жағдайда Астанадағы елшілікпен немесе Алматыдағы бас консулдықпен байланыс ұстап отырыңыздар", — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, шетелдіктерге бағытталған ең кең таралған қылмыстар әмиян тарып алу, қалтаға ұрлыққа түсу, шабуылдар жасау мен тонаулар толып табылады. Дипломаттар отандастарын сақ болып, көшеде үлкен сомадағы қаражат алып жүрмеуге кеңес береді.
Бұл ретте олар соңғы уақытта кең таралып жатқан банкоматтардағы скимминг секілді қаржылық алаяқтық туралы ескертеді. Жаднамада Қазақстанда ресми тіркелмеген такси қызметін пайдланбау туралы кеңес береді.
"Маңында төбелес болып жатса мейрамхана немесе бардан кетіңіздер, және үнемі ортаңыздағы адамдар туралы біліп жүріңіздер", — делінген жаднамада.
Жолдар
Қазақстанда жолдар нашар жағдайда, әсіресе ауылдық өңірлерде. Жарықтандыру және жолдардағы белгілер де нашар жағдайда. Жолдарда шұңқыр көп, көбіне олар қауіпті тереңдікте. Жаяу жүргіншілер көбіне көлікті алдына жүгіріп шығады.
"Жолдардағы агрессия проблема туғызуы мүмкін. Сіздерге ондай әрекеттерге жауап бермеуге кеңес береміз", — деп көрсетілген жаднамада.