АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Көкшетауда "ГАЗель" көлігі "К-700" тракторымен соқтығысты, ГАЗель жүргізушісі жан сақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол апаты туралы агенттікке оқиғаны көзімен көрген автокөлік жүргізушісі хабарлады.
"Краснояр көпірінде сұмдық жол апаты болды. Газель К-700 тракторының астына түскен. Құрбандар да бар шығар, газель кабинкасының сау тамтығы қалмапты. Жігіттер, бәрің абай болыңдар", — деп жазады ол автокөлік иелерінің тобында.
"Жол апаты сағат 21:00 кезінде болды. ГАЗель алдындағы көліктен озамын деп, К-700 астына түскен. Трактор "Көкшетау Су арнасы" қалалық коммуналдық кәсіпорнына тиесілі", — деп хабарлады Көкшетау ІІБ-дағы кезекші полицей.
Жол апатынан ГАЗель жүргізушісі зардап шеккен, оны Ақмола облыстық ауруханасына жатқызды.