АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігі мен батысында жауын-шашын болуы ықтимал деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Республиканың солтүстігі мен батысында боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғып, күн күркірейді.
Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 17-22 м/с, Маңғыстау облысында кей жерлерде – шаңды дауыл. Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, боран, желдің екпіні 17-22 м/с. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20, Қарағанды облысында ұйытқуы 23, Ақмола облысында – 25 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл облысында тұман түсіп, күндіз күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді.