Өңірлер

Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуКүзет
Күзет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысы аудандық сот ғимаратында бір ай бұрын жантүршігерлік жайт болды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Қостанай облысындағы аудандық соттың күзетшісі жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылды. Бір ай бұрын сот ғимаратында күйеуі әйелін өлтірген болатын деп хабарлайды өңірлік соттың баспасөз қызметі.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында ер адам ажыраспақ болған әйелін өлтірді

28 ақпан күні сот ғимаратында ажырасу процесінің алдында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді. Ол күзетшілердің дұрыс тексермейтіндігін пайдаланып, сотқа пышақ алып кірген екен. 

Сол күні қызметте болған 34 жастағы күзетші жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылды. Ол сотта кінәсін толық мойындапты. 

Сөйтіп, күзетші екі  жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Жаңалықтар
0