Өңірлер

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі жол апатына кінәлі болып танылды

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаңтар соңында көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қарсы алдында тоқтай қалған Prado көлігіне соғылған

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Жедел медициналық жәрдемнің көліктік кәсіпорыны Алматыдағы атышулы жол апаты бойынша сот үкіміне наразы.

Көлік апаты 25 қаңтарда болған. Көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қарсы алдында кенеттен тоқтай қалған Prado көлігіне соғылады. Бұл оқиғаны patrul.kz тілшілері көзімен көрген екен. Сол күні олар қалалық автокөлік жүргізушілерінің жедел жәрдем көлігіне жол беретін-бермейтінін тексермек болған.

Оқиға түсірілген бейнежазба 14 ақпан күні жарияланды. 

Бұл бейнежазба қоғамның зор наразылығын тудырып, Қазнет қолданушылары жедел жәрдемге кедергі болған жүргізушілерді қатаң жазалау керек деп шуласты. Алайда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты мен жол полициясы қызметкерлерінің пікірі мүлдем бөлек болып шықты. 

Сот қаулысы бойынша, жедел жәрдем көлігінің шопыры екі бірдей жол ережесін бұзған:

 

  • Жүргізуші қозғалыс жылдамдығына сәйкес қашықтықты сақтауы тиіс болатын
  • Жүргізуші қозғалыс қарқыны мен көліктің ерекшелігін, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып, бекітілген көрсеткіштен аспайтын жылдамдықты сақтауға міндетті еді

 

Сот жедел жәрдем шопыры Владимир Золотоухинге 22 мың 690 теңге көлемінде айыппұл салды. 

Жаңалықтар
0