Мәдениет

Димаш атақты голливудтық фильмнің саундтрегін орындайды

Жазылу
Бұл әншінің Lionsgate компаниясымен бірлесіп жасаған алғашқы ауқымды жобасы

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Дүние жүзіне танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Power Rangers" голливудтық фильмінің саундтрегін орындайды.

"Атақты Hollywood-тық "Power Rangers" фильміне жазылған саундтрегім жуырда! Lionsgate компаниясымен алғашқы ауқымды жұмысым!", — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде қазақ әншісінің "Go Go Power Rangers" әнін орындаған бейнежазбасы кең таралып келеді. 

"Power Rangers" фильмінің әлемдік тұсаукесері 2017 жылы 22 наурызда болған.

Жаңалықтар
0