Жәбірленушінің полицияға берген түсініктемесі бойынша, Райымбек және Байзақов көшелері маңында бірнеше жігіт жақындап, шылым сұрайды. Содан соң әлгі жігіттер ер адамды жабылып сабап, қалтасындағы ұялы телефонын тонап кеткен. Бұзақылар оқиға орнынан көлікке мініп қашқанымен, алысқа ұзай алған жоқ.
Қалада "Ұстау" жоспары жарияланып, сәлден соң құқық бұзушылар Алматы-1 теміржол вокзалы төңірегінде қолға түсті.
Күдіктілердің бірінен ұрланған телефон табылды. Полиция ұсталғандарды Алматы АІІБ алып кеткен.