АСТАНА, 28 нау — Sputnik. ҰҚК бұрынғы қызметкері Айдын Алпысбаев жасамаған қылмысы үшін 14 жылға сотталған, деп хабарлайды КТК телеаранасы.
Криминалдық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сәкен Сүлмейменов астаналық кәсіпкерге қастандық жасады деп айыпталған Алпысбаевқа күш қолданып жауап алған. Сот Сүлейменовті күдіктіні азаптағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
"Енді ол — полковник шенінен айрылып қоймай, құқық қорғау органдарына 3 жылға дейін жұмысқа орналаса алмайды", — делінген хабарламада.
Экс-полицей былтыр күзде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің шағымы бойынша ұсталған болатын. Айдын Алпысбаев астаналық кәсіпкерге қастандық жасады деп 14 жылға сотталған. Кейін оның бұл қылмысқа түк қатысы болмағаны анықталды. Тіпті тергеу кезінде, оған полицейдің қысым көрсеткені дәлелденген. Ал елордалық бизнесмен кейін бұл оқиғаны ойдан құрастырғанын айтып ақталыпты. Іс бойынша, сараптаманы қолдан жасаған сарапшы да түрмеге тоғытылған. Бірақ соған қарамастан, арнайы қызметтің өкілі әлі абақтыда жазасын өтеп жатыр екен.
Алпысбаевтың адвокаты Аманжол Мұхамедьяровтың айтынша, прокуратура жаңадан пайда болған деректерге байланысты істі қайта қарауды талап еткен. Алайда әскери сот бас тартып отыр. Біз бәрібір қуынып, соңына дейін барамыз.