Қоғам

Биыл еліміздің қай өңірлерін су басу қаупі бар

© Sputnik / Болат ШайхиновҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді. 

"Гидрометрологиялық орталық мәліметтері мен су қоймаларының жағдайына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі жоғары деңгейде болған еді. Бірақ соңғы күндердегі ауа райын ескере отырып, тек Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында су басу қаупі сақталып отыр деп айта аламыз. Ауа райына байланысты Қостанай облысында 6-7 сәуірде, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8-9 сәуірден су тасқыны басталады деп күтіп отырмыз. Осы уақытқа дейін барлық күштерді дайындап, бүкіл іс-шараларды қолға аламыз", — деп баяндады Қасымов үкімет отырысында. 


Жаңалықтар
0