Видео

Спортты жанына серік еткен 74 жастағы әжей

Жазылу
Астана тұрғыны 74 жастағы Тамара Көпжанова фитнес және жүгірумен белсенді айналысады. Ол бес жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанып жүр. Sputnik Қазақстан ұсынған видео жастың спортқа кедергі емес екенін тағы да дәлелдейді.

Астанаға көшіп келгесін Тамара Қанапияқызы әйелдерге арналған Fit Emotion фитнес-студиясына жазылған. Осы жерде әжей жастар секілді түрлі жаттығулар жасайды. Оның кестесі бойынша, аптаның бес күнінде фитнеспен айналысса, ал демалыс күндері жүгіреді. Осындай белсенді өмір салтына ұстана отыра, Тамара әжей немерелерін де тәрбиелеп, аспазшылық жасап та үлгеріп жүр. 

"Мен спортпен бес жылдан бері айналысып жүрмін. Жастарға бүгіннен бастап спортпен шұғылдануға кірісуге кеңес берер едім. Мұндай өмір салтының денсаулыққа пайдасын айтпағанда, рухани жағынан да берері мол", — дейді ол. 

Спорттың арқасында Тамара әжей өзін өте сергек сезінеді, бойындағы күш-қуаты да жеткілікті. 

Жаңалықтар
0