Өңірлер

Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан асты

© Photo : ДЧС Кызылординской областиЖергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сырдария өзенінің суы арнасынан асып, жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан асуы салдарынан адамдар мен малдар қауіпсіз жерге шығарылуда деп хабарлайды өңірдің ТЖ жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жексенбі 26 наурыз күні таңертең басталды. Таңғы сағат бес кезінде Басықара су торабынан үш шақырым жоғары орналасқан Балықшысайда мұз кептелуі салдарынан өзен суы арнасынан асып кеткен. Кейінірек сағат 10 кезінде Шортайда дәл осындай жайт орын алды. Судың арнасынан асқан жерінде жеке шаурашылық орналасқан.

© Photo : Қызылорда облысы ТЖДЖергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді - Sputnik Қазақстан
Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Жалпы саны 23 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың сегізі жас балалар. Құтқарушылар 32 бас ірі қара мал мен 19 жылқыны қауіпсіз жерге айдап апарды.  

Жаңалықтар
0