АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Тараз прокуратурасының қызметкерлері героин сататын қылмыстық бизнес ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы әйел адам мен оның 30 жастағы қызын ұстады.
Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық прокуратура баспасөз қызметінің өкілі Абырой Азаматов айтып бергендей, олардан 2,5 миллион теңге мен 2,5 келі героин тәркіленген.
"Прокуратура нұсқауына сәйкес, 2017 жылғы 18 наурызда күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде азаматша Х.Н. мен қызы екеуі басқарған қылмыстық топ анықталып, жеті сыбайласы әшкереленді", — деп хабарлады Азаматов.
Қазіргі уақытта прокуратура алынған есірткінің қайдан шыққанын, қайда өткізілгенін анықтауда. Іс бойынша барлық күдіктілер сот шешімімен қамауға алынған.