Оқиға

Павлодарда шағын автобустың ішінен шопырдың өлі денесі табылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуШопыр
Шопыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда №4 микроавтобустың ішінде жүргізушінің денесі табылған

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Болжам бойынша, Павлодарда бағдарлық микроавтобус шопыры қызметтік көлік салонында өз-өзіне қол салған деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі  Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, сағат 11.00 кезінде Павлов көшесі бойындағы үй ауласында №4 микроавтобус салонында 1979 жылы туған ер адамның денесі табылды. Мәйіттен өз-өзіне қол салу белгілері табылған. 

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Дәлелденбеген деректерге жүгінсек, бұдан бұрын микроавтобус шопыры басқа бағдарға ауыстыруды сұраған екен.

Жаңалықтар
0