Спорт

Бородюк: Малыйдың алаңнан қуылуы ойынды "бұзды"

© Sputnik / ASATUR YESAYANTS Матч Қазақстан - Армения
Матч Қазақстан - Армения - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік маманның басшылығымен қазақстандық құрама қатарынан екі матчта жеңілді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің пікірінше, қорғаушы Сергей Малыйдың ойыннан шығарылуы төрешінің жіберген қателігі болып табылады. 

Жексенбі күні 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчында Армения Қазақстан командасын 2:0 есебімен ұтты. Екі гол да 64-минутта Сергей Малыйға екінші сары қағаз көрсетіліп, алаңнан қуылғаннан соң соғылды. 

"Жалпы айтқанда, ойыншы алаңнан қуылғанға дейін футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатты. Екінші таймда тең ойнап, допты өз бақылауларына ала бастаған еді, бірақ бір ойыншының алаңнан қуылуы ойынды өзгертіп жіберді", — деп мәлімдеді Бородюк мачтан кейінгі баспасөз мәслихатында. 

"…Қазір бұл жайында бірдеңе айтуға кеш шығар. Сайыстың аты сайыс, бірақ, меніңше, сары қағаздың көрсетілуі жөнсіз болды. Ойынды тең күшпен аяқтауға мүмкіндік беру керек еді, сонда футбол қызықтырақ болар еді. Әйтпесе, футболшыларыма айтар ренішім жоқ – олар жанталасып тырысты, бірақ ойыншының алаңнан қуылуы ойынға әсер етті", — деді ол.

Жаңалықтар
0