Оқиға

Шешенстанда террористермен шайқаста екі қазақстандық қаза тапты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтугүл шоқтары
гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алты қаруланған лаңкес терактілер ұйымдастыру үшін әскери бөлімнен қару алмақ болған

АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Ресей гвардиясында қызмет еткен екі қазақстандық сарбаз Шешенстанда террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде қаза тапты, деп жазады ресейлік БАҚ. 

24 наурызға қараған түні алты қаруланған содыр Наурс станицасындағы әскери қалашықты қоршауға алды. Содырлардың мақсаты бөлімшеден қару алып, Шешенстанда теракт ұйымдастыру болған. 

Барлық террористер жойылды. 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров шабуыл жасаған террористердің жеке басы анықталғаны туралы мәлімдеді. 

Содырлардың жастары 22-27 аралығында. Террористермен шайқаста Ресей гвардиясының алты әскери қызметкері ерлікпен қаза тапты. Оның ішінде екі қазақстандық бар. Олар радиотораптың бастығы болған Ақтөбе облысының тумасы 36 жастағы аға сержант Анатолий Ермолаев пен әскери жүргізуші болған қарағандылық 27 жастағы кіші сержант Дмитрий Гурат.

Бұдан бөлек, зардап шеккендер қатарында 40 жастағы майор Евгений Савинов бар. Ол да Қазақстан тумасы. Офицер бас жарақатымен ауыр хәлде Грозныйдағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 


Жаңалықтар
0