АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Ішкі істер департаменті ресми түрде Қарағанды облысы Көкпекті кентінің маңындағы атыс туралы мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұдан бұрын What's Up бойынша Қазақстанның жаңалықтар порталының біріне сілтеме жасай отырып, атыс туралы ақпарат тарады.
"Қарағанды облысында Көкпекті кентінің маңында атыс болды. Екі қылмыстық топ автоматпен атысты. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ гранат жарылыстарының дыбысы естілді", — делінген хабарламада.
Қарағанды облысы бойынша ішкі істер департаментінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Келтірілген деректер шындыққа жанаспайды. Облыс аумағында ондай болған жоқ", — деді Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Полицейлер кезекті рет жалған ақпарат тарату үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын және он жылға дейін бас бостандығынан айырылуға болатынын ескертеді.