АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, батыс аймақтарының барлық жерінде жауын-шашын болады, оңтүстікте түнде және таңертең қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының, кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 27 м/с дейін күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.