Өңірлер

Сенбі күні Қазақстанда тұман, көктайғақ, жауын-шашын болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖауын
Жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде сенбі күні тұман түсіп, жауын-шашын жауады

АСТАНА, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сенбі 25 наурыз күні жауын-шашын болуы ықтимал, батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайтында.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын түседі, оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте – кей жерлерде күн күркірейді", — делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, желдің екпіні 15-20, түнде Жарма ауданында ұйытқуы 25 м/с. Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең – тұман, көктайғақ. Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында – кей жерлерде тұман. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, Маңғыстауда, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. 

Жаңалықтар
0