Оқиға

Алматыда парашютпен секірген әскери қызметші қаза тапты

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуПарашютпен секіру
Парашютпен секіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері парашютпен секіру кезінде қаза тапты деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

"Ұшақтан парашютпен секіру кезінде, келісімшарт бойынша әскери борышын өткеріп жүрген ефрейтор Е. Өзбеков көз жұмды", — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш дерек бойынша қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Бейсенбі 23 наурыз күні қазақстандық десантшылар Алматыда екі километр биіктіктен секіріп, жаттығу жасап жатқан болатын. Секіру техникасы бойынша, әскерилер парашютті ашпай, "тас" сияқты құлап, содан соң дер кезінде парашютпен қонуы тиіс еді. Яғни, десантшылар отыз секунд бойы сағатына 200 шақырым жылдамдықпен еркін құлаған.  

Жаңалықтар
0