АСТАНА, 24 нау — Sputnik. Рома Мәскеуге екі айлық шығармашылық іс-сапардан кейін Алматыға уақытша келді. Әуежайда "Ты супер!" конкурсының жас қатысушысын балалар үйінің тәрбиешісі мен Sputnik Қазақстан тілшісі күтіп алды.
Педагог Манзура Алдабергенованың сөзіне қарағанда, Рома бір-екі күн бұрын сағынатынын жазған екен.
"Кеше біз топты жинап: "Бізге кімнің келетінін білесіңдер ме?, — дедік. Барлығы: "Алақай! Рома!, — деп шаттанды. Оның кіші бауыры Семеннің қуанғанын көрсеңіз ғой! Секіріп жіберді!", — дейді Манзура ұшып келу терминалынан көзін алмай.
"Ол Мәскеуде болған кезінде ашылды, сөйлей бастады", — дейді әйел.
Алыстан үлкен адамдардың арасынан жасыл күрте киген бала көрінді.
"Әне ол! Мен оны көрдім!", — деп қуанды тәрбиеші.
Жас әнші бірден анасының құшағына ене кетті. Алдабергенованы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері ана деп атайды.