АСТАНА, 24 нау — Sputnik. Астанада салынып жатқан "Қамал" тұрғын үй кешенінде бетон жабыны құлады, деп хабарланады әлеуметтік желідегі vastane.kz аккаунтында.
"Зардап шеккендер жоқ. Бар болғаны 100 текше бетон паркинг аумағына құлады", — делінген хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде құрылысы бітпеген ғимаратта ешкім болмаған.
Тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салып жатқаны белгілі. Кешен Хусейн бен Талал даңғылы бойында орналасқан.
Кешеннің ресми сайтында нысандағы төтеше жағдай туралы ештеңе хабарланбаған. Оның үстіне порталда құрылыстың тікелей көрсетілімі жүргізіліп, айлар бойынша іріктелген құрылыстың суреттері жарияланған.