АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Қазақстанда бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен өткен турнир кезінде қатысушылардың бірі қолданған ерекше әдіс турлалы жарыс ұйымдастырушылары Sputnik Қазақстан агенттігіне түсіндіріп берді.
Сәрсенбі күні спорттық сайттар хабарлағандай, қазақстандықтың қарсыласы оның мойнынан қысып, қылқындыра бастағанда, жас спортшы басын қарсыласының кеудесіне тіреп, әуеде қалықтайды да, қарсы әдіс қолданып, жеңіске жетеді.
Бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті, "Alan grip selection" турнирінің бас төрешісі Ядгар Қасымовтың айтуынша, бұл жекпе-жек былтыр қараша айының соңында болған, бірақ ғаламторға кейіннен ғана тарап кетіпті.
"Бұл жекпе-жек intermediate деңгейінде болды. Бұл да әдіс болып саналады, бірақ спортшылар ауыр жарақат алып қалмас үшін, турнирде қолдануға тыйым саламыз. Меніңше, тамаша әдіс, бірақ өте қауіпті. Төрешілердің дисквалификация жасауға шешім қабылдағаны дұрыс болған", — деді Қасымов Sputnik Қазақстан тілшісіне.