Спорт

Головкин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин Джейкобске қарсы жекпе-жектегі жеңісін Наурыз мерекесіне орай барша қазақстандықтарға жасаған сыйлығы екенін айтып, зор қолдау көрсеткен отандастарына алғысын жеткізді

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik.  Былғары қолғап шебері, Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин отандастарын Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, Джейкобске қарсы жекпе-жекте қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Құттықтау хатын GGG Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялапты.

"Happy Nauryz to you all! Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің басты мейрамы қарсаңында жерлестерімді қуанта алғаныма ризамын. Бұл жеңіс – Наурыз мерекесіне орай баршаңызға сыйлығым! Жаңа жыл жеңіспен басталды, әрі қарай да табысқа толы болсын! Наурыз құтты болсын! GGG", — деп жазады Головкин.

 

 

Бұдан бұрын жариялаған жазбасында боксшы Қазақстаннан келген жанкүйерлерге жылы лебізін білдіріп, Нью-Йорктағы аренада туған елінің туын көру ерекше сезімге бөлегенін айтты.

Жаңалықтар
0