Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Ежелден келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі дән қосылуы керек. Тақ санын сақтап, мұндай дәндер көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады.
Наурыз көже әзірлеу рецептісімен елордалық Satti ұлттық мейрамханасы бөлісті.
Сонымен, көженің құрамына жеті дән кіреді:
• Пісірілген, ұсақ туралған жылқы еті
• сорпа
• бидай
• тары
• күріш
• айран
• қаймақ
Асыңыз дәмді болсын!