АСТАНА, 20 нау – Sputnik, Баубек Қоңыров. Урс Шмидтың Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалғанына көп болған жоқ. Алайда қазірдің өзінде қазақ тілін үйреніп жүрген әріптесінен кем қалмау туралы шешім қабылдаған. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында ол қымыздан қай кезде алғаш рет дәм татқаны, бесбармақты жақсы көруі мен өзі үшін жаңа тіл үйрену ниеті туралы айтып берді.
— Мен өткен жылғы тамызда осында, Қазақстанға қызметке тағайындалған кезімде, мен елдің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы көп білмейтінмін. Мен қазақстандықтардың Наурызды қалай тойлайтынын білмедім. Әрине бұл мейрам туралы мен естігенмін, өйткені оны өзге елдерде де тойлайды. Мәселен, Лондонда болған кезімде, Лондондағы иран диаспорасының Наурызды тойлайтынын білдім, бірақ оны көруге мүмкіндігім болмады. Әрине мен оны қуана күтіп отырмын. Мен Наурыз тойын алғаш рет тойлайтын боламын. Көптеген қазақ тағамынан ауыз тиемін деп үміттенемін.
- Мен сіздің қазақ тіліндегі құттықтауыңызды естідім. Қазақ тілін қалай үйрендіңіз? Сіз үшін ең қиыны не болды?
— Менің қазақша сөйлеуім жақсы деп, сіз мені қуантып отырсыз. Өйткені мен алғаш рет қазақша сөйлеп отырмын. Әрине бұл жерде, елшілікте қазақтар жұмыс істейді, олар маған көмектеседі, үйретеді. Олардың жақсы оқытушы екені сөзсіз. Мен үшін қазақ тілін үйренудегі қиындықтар, маған таныс емес "і", "ұ" және "қ" дыбыстарда. Мұндай әріптер менің ана тілімде жоқ, сондықтан олар мен үшін қиын.
Әрине Қазақстанда болатын аз уақытта, әдетте елші қызметіне екі-үш жыл болады елде. Бұл маған қазақша сөйлеп кету үшін жеткіліксіз. Бірақ жоқ дегенде қазақ тілінде сыпайы және әдепті сөздерді айтып үйренемін деген үміттемін. Бүгінгі сізбен кездесуіміз үшін рақмет!