Оқиға

Алматыда екі Camry соқтығысып, екі адам зардап шекті

© SputnikАвария на Шаляпина
Авария на Шаляпина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші ішіп алып рөлге отырған

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда екі көлік соқтығысып, жол апаты кезінде жарық бағанасы мен трамвайдың электр желілері бүлінген, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиға куәгерлері. 

Жол апаты Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Camry 30 бен Toyota Camry 10 көліктері Шаляпин көшесі бойынша батыс бағытында келе жатқан. Береговой көшесінен өткеннен кейін Toyota Camry 30 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, үлкен жылдамдықта Toyota Camry 10 көлігіне соқтығысады да, қоршау мен жарық бағанасын жұлып әкетеді. 

Toyota Camry 30 көлігінде үш адам болған: жүргізуші мен екі жолаушы — қыз бен жігіт. Қыз мен жүргізушіні ауруханаға алып кеткен. Ал көліктің артында отырған жігіт көмектен бас тартыпты. 

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жүргізуші рөлге ішіп алып отырған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен электр мамандары шақырылған. 


Жаңалықтар
0