"Қазақ аруы-2017" атану үшін сұлулар қандай сындардан өтті
"Қазақ аруы-2017" атану үшін сұлулар қандай сындардан өтті
Sputnik Қазақстан
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бастамасымен осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған "Қазақ аруы" байқауына сыртқы келбеті мен ақылы үйлескен... 21.03.2017, Sputnik Қазақстан
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бастамасымен осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған "Қазақ аруы" байқауына сыртқы келбеті мен ақылы үйлескен сұлу қыздар қатысады. Сайысқа қатысушыларының сыртқы сұлулығы ғана емес, таланты, ең бастысы, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін білуі бағаланды.
Биыл алғаш рет байқауға Виктория Петрова есімді орыс қызы қатысты.
Сұлулық байқауы туралы толығырақ біздің фототаспадан оқи аласыздар.
Дәстүрлі сұлулық байқауынан айырмашылығы, бұл жерде қыздан бикинимен шықпайды. Қазылар алқасы тек қыздардың көркін ғана емес, сонымен қатар қазақ тілін, салт-дәстүрлер мен қазақ халқының мәдениеті мен тарихын білуін бағалайды.