АСТАНА, 20 нау – Sputnik. Астана полицейлері қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан, бұрын сотталған екі ұрыны ұстады, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Бірінші оқиғада, полицейлер маршруттық автобус ішінде жолаушы әйелдің әмиянын ұрлаған Оңтүстік Қазақстан облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады.ҚР ҚК-нің "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осындай қылмыстық үшін бұрын сотталған.
Осындай қылмыс жасағаны үшін бұрын істі болған 1981 жылы туған Жамбыл облысының тумасы ұсталды.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері Астананың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде келушілердің затын ұрлаған Жымбыл облысының 34 жастағы тұрғыны іздестіріліп жатыр.