Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусымда өтеді

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстің жекпе-жегі
Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстің жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарсыласының есімі әзірге белгісіз, алайда Головкинге бір ғана чемпион белдігі жетіспейді, ол Билли Джо Сондерсте.

АСТАНА, 18 нау — Sputnik.  Орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін мерзім белгіленді, деп жазады  Sports.kz. 

Геннадий Головкиннің жеңісінен кейін "Қазақстан" телеарнасының комментаторлары хабарлағандай келесі жекпе-жек 17 маусымда өтеді. 

  "17 маусым күні "Астана-Арена" стадионында Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 38-ші жекпе-жегі өткізетін болады. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл — 80 пайызға расталған ақпарат. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекxожин мен WBC президенті Маурисио Сулейман арасында осындай келіссөз болған. ЭКСПО аясында өтетін тамаша жекпе-жекті айта кетейік. Сондай-ақ, 9-шы қыркүйекте қазақтың қайсар боксшысы Қанат Ислам да жекпе-жек өткізеді", — деді спорт шолушысы.


Жаңалықтар
0