АСТАНА, 18 нау — Sputnik. Наиль Ахметзәкіров Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректоры болып тағайындалды, тиісті бұйрыққа Бас Прокурор Жақып Асанов қол қойды.
Осыған дейін Ахметзәкіров академияның бірінші проректоры міндетін атқарып келді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен құрылды.