АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Өскемендік "Торпедо" мен қарағандылық "Сарыарқа" жұма күні Жоғары хоккей лигасы плэй-офф кезеңі ширек финалының екінші матчында петербургтік "Динамо" мен кургандық "Зауралье" командаларын жеңді.
"Торпедо" "Динамо" клубын Санкт-Петербургте 2:1 есебімен ұтты. Төрт жеңіске дейін ойналатын матчтар сериясында есеп 2:2. Келесі ойын Өскеменде дүйсенбі күні 20 наурызда болады. Ал 22 наурызда серия Санкт-Петербургте өтеді.
"Сарыарқа" да жұма күні кургандық "Зауральеге" қарсы есепті теңестірді. Ол қарсыластар алаңында ширекфиналдық серияның кезекті матчын 3:0 есебімен жеңді. Ойын 20 наурызда Қарағандыда жалғасып, 22 наурызда Курган қаласына қайта оралады.