АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Ақмола облысында жүйке арулар ауруханасына түсуден қорыққан ер адам өзіне қол салды, деп хабарлады Sputniк Қазақстан агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.
Целиноград ауданының Қоянды ауылында ер адам өзіне қол салды.
"Жаздық үйде 1981 жылы туылған ер адам өзіне қол салып, асылып өлді. Өлім алды хат қалдырған. Онда басының ауратынын, сондықтан оны жүйке арулар ауруханасына жатқызып қояды ма деп қауіптенетінін жазған", — деді әңгімелесуші.
Зорлық өлім белгілері жоқ мүрде мәйітханаға жіберілген, соттық-медициналық сараптама тағайындалды.