АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Қазақстан өз жетістіктеріне мықты президенттік биліктің арқасында жетті, деп мәлім етті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президенті бұдан бұрын отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Esquire.kz сайтының шеф редакторы Гүлнар Бажкенова президенттік билік туралы сұрақ қойды.
"Қазір көптеген елдің парламенттік билікке қарағанда күшті президенттік билікке қайта оралып жатқаны жайлы айттыңыз. Себебі күшті президенттік биліктің зор басымдығы бар. Бұл жылдам, тиімді, қоғамдық пікірге қарамай, саяси күреске назар аудармай әрекет ету мүмкіндігі. Айтыңызшы, біз Қазақстанда бір партияның басым болғанын және саяси бәсекелестіктің жоқтығын қолдандыңыз ба? Біз жылдам әрі тиімді әрекет еттік пе?", — деп сұрады Гүлнар Бажкенова.
"100 пайызға қолдандық. Қазір мақтана алатын барлық жетістігіміз осының арқасында, әрине кемшіліктер де болды", — деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесуге Бажкеновадан бөтен "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.
Бүгін 21:30-да отандық телеарналардан Қазақстан президентімен сұхбаттың толық нұсқасын көріңіздер.