АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Ғарышкер-ұшқыш, Қазақстан қаһарманы Айдын Аимбетов Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аиыбетов қазіргі уақытта "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ вице-президенті қызметін атқарады.
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы барысында министрліктің жемқорлыққа қарсы саясат, президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдамасында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аимбеов 2015 жылғы қыркүйекте ғарышқа ұшты. Орбитаға ол "Союз ТМА-18М" кемесінің бортинженері ретінде ұшты.