Оқиға

Алматыда үй маңына жиналған полицейлер халықты шошытты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас ер адамның полицияға хабарласуы Алматыдағы жеке сектор тұрғындарын дүрліктірді

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Алматыда мас ер адам полицияға хабарласып, оқ ататын қаруы бар екендігін мәлімдеген деп хабарлады қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұдан бұрын Zakon.kz сайты хабарлағандай, Түркменская көшесі бойындағы жеке үйлердің бірін полиция қызметкерлері қоршаған. Кейіннен полицейлер оқиға орнынан біртіндеп кете бастайды.

"102 нөміріне мас ер адам хабарласып, оқ ататын қаруы бар екендігін мәлімдеген. Сөйтіп, телефонды қоя салады. Оның мекенжайына жол-патрулдік полиция экипажы жөнелтілді", — деді Әзірбек телефон арқылы.

Оның берген мәліметінше, үйде ешкім жоқ болып шығыпты. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0