АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Қазақстанның Египеттегі елшісі болып Арман Исағалиев тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұл қызметте Исағалиев өткен жылғы қазанда ҚР дін және азаматтық қоғам вице-министрі қызметіне тағайындалған Берік Арынның орнын басты.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада.
ҚР СІМ сайтының ақпаратына сәйкес, Исағалиев 2015 жылғы қаңтарда Қазақстанның Дубай мен Солтүстік Эмираттардағы бас консулы қызметіне кіріскен.