Қоғам

АҚШ Қазақстанның бұрынғы азаматын хакерлік үшін айыптады

© AP Photo Компьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын АҚШ Yahoo сайтындағы аккаунттарды бұзды деген күдікпен бірнеше адамды айыптаған болатын

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. АҚШ-тың әділет министрі Yahoo сайтындағы аккаунттарды бұзды деген күдікпен төрт ресейлікті айыптады, олардың екеуі ФҚҚ қызметкері деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері мен екі қылмыскер хакер кибершабуыл жасағандары үшін айыпталды: Дмитрий Докучаев (Dmitry Dokuchaev) пен Егор Сущин (Igor Sushchin) – ФҚК қызметкерлері, олар АҚШ аумағы мен одан тысқары жерлерде құпия бағдарламалардың көмегімен хакерлердің ақпарат жинауына көмектесіп, басқарып, ақша төлеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған", — деп хабарлады АҚШ әділет министрінің өкілі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Алексей Белан (Alexsey Belan) мен канадалық төлқұжаты бар Кәрім Баратов (Karim Baratov) та айыпталған. 

ҚР СІМ ресми Twitter аккаунтында жақында Канадада ұсталған Кәрім Баратовтың бұрын Қазақстан азаматы болғандығын, бірақ 2011 жылдан бері азаматтығын ауыстырғанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0