Оқиға

Алаяқтардың жаңа айлалары: "ескі 1000 теңгені жаңаға ауыстырыңыз"

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған мемлекеттік қызметшілер қарт адамдардың үйіне келіп, оларды ескі үлгідегі купюраларын жаңаға ауыстыруды ұсынады

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Алматы облысында алаяқтықтың жаңа түрі ашылды, деп хабарлайды Алматы  облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Алаяқтардың құрбандары егде кісілер. 

"Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырған алаяқтар зейнеткерлерге 1 000 теңгелік банкноттарды ауыстыруды ұсынады. Одан кейін алдау жолымен оларды сувенир ақша белгілеріне ауыстырады", — деп хабарлады полицияда. Полицейлер тұрғындарды сақ болып, бейтаныс адамдардың күмәнді ұсыныстарына сенбеуге шақырады.  

"Қандай да бір күдік туған жағдайда полицейлерге хабар беріңіз", — деп мәлім етті ІІД. 

2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттардың айналымнан шыққаны туралы хабарланған. Аталған купюраларды кез келген коммерциялық банкте ауыстырып алуға болады. 


Жаңалықтар
0