АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің жетекшісі жаңа жылдық сыйлықтарға қатысты оқиғадан кейін жұмыстан кетті, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.
Ақжайық аудандық прокуратурасымен аудандық білім беру бөлімінде 2016 жылдың жаңа жылдық шыршасына сыйлықтарды сатып алу кезінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.
Тексерумен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зиналиев заң талаптарын өрескел бұзып, жеке кәсіпкерлер заңсыз бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен келісім шарттар жасасып, шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде соңғыларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені анықталды.
Осыған орай, аудан әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, оны қарау нәтижесімен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зиналиев мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.