АСТАНА, 14 нау – Sputnik. Ішкі істер департаментінің басшылығы ауруханада жол ережесін бұзғандарды қуған полицейлер қағып кеткен Данил Ковалевтің жағдайын сұрап барды. Алматы қаласы ІІД басшысы генерал-майор Серік Күдебаевтің айтуынша, ол қызметтік көлік қағып кеткен Даниилдың жағдайын өз көзімен көру үшін барған.
"Полиция қызметкерлерінен жауапкершілік алынбайды, олар заңға сәйкес жазаларын алады. Екіншіден, Даниилдың ата-анасы мен апасынан кешірім сұраймыз. Дәрігерлер жақсы болжамдар айтып отыр, оның жас екенін ескере отырып және баланың рухы мықты болуына байланысты оның тез сауығып кететіне үміттенеміз. Даниил мен ата-анасы жақсы көзқараста және бала болашақта достарымен ойын алаңына шығып жүгіріп кететініне және мектепке барып, жақындарын қуантатынына сенімдіміз", — деді Күдебаев.
Офицерлер, екеуі де аға лейтенанттар тәртіптік комиссияның шешімімен жауапқа тартылды. Офицерлердің бірі полициядан шығарылып, екіншісі қызметтен босатылды
Үшінші сынып оқушысы өзіне қойылған сұрақтарға табанды жауап берді. "Өскенімде милиционер болғым келеді!", — деді Даниил Ковалев сеніммен.