АСТАНА, 14 нау – Sputnik. Ақмола облысының әкімі болып Мәлік Мырзалин тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Мәлік Мырзалинді Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындады", — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасында.
Ақмола облысын басқарып келген Сергей Кулагин қызметінен босатылды.