Оқиға

Ақтаудағы теңізші қазасының себебі өзін өзі өлтіруге жеткізу болуы мүмкін

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған, қаза болғанның өлгеннен кейінгі сот психолого-психиатриялық зерттеуін жүргізу жоспарлануда

АСТАНА, 14 нау — Sputnik.  Ақтауда сарбаздың қаза болу дерегі бойынша "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы. 

10 наурызда сағат 16.00 шамасында Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің санитарлық торабында АК-74 автоматынан жасалған жарақаттарымен нақты мерзімдегі әскери қызметкер қатардағы жауынгер М.А.Шишімбаевтың денесі табылды.

Осы күні аталған оқиға Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмыс құрамы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу).

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы бақылауға алынды.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған, қаза болғанның өлгеннен кейінгі сот психолого-психиатриялық зерттеуін жүргізу жоспарлануда.


Жаңалықтар
0