АСТАНА, 14 наурыщ — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрмұхамбет Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі
"Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", — делінген аталған жарлықта.