Қоғам

"СК-Фармацияның" бүкіл басшылығы қызметтен кетті

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтупортфель
портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"СК-Фармация" компаниясы Президенттің сынына іліккен еді

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясының бүкіл басшылығы қызметтен кетті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

"Елбасының тапсырмасы бойынша "СК-Фармация" компаниясының тек басшысы ғана емес, бүкіл басқарушы директорлары жұмыстан босатылды.  Жаңа басқару директорлары тағайындалды", — деп хабарлады Біртанов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жүкті әйелді әкетіп бара жатқан "жедел жәрдем" жол апатына ұшырады

Бұған дейін "СК-Фармация" компаниясының бірінші басшысы қызметінен кеткені белгілі болған еді. Министр бүгін хабарлағандай, төрт басқарушы директорды қоса алғанда, жалпы бес адам жұмыстан босатылған. 

Айта кетейік, 3 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев "СК-Фармация" компаниясының қызметін сынға алған болатын.

"Қазір "Фармацияда" отырғандардың бәрін қуып жібер. Жаңа адамдар қойып, ақшаның қайда жұмсалатын шешіңдер. Жаңа адамдар алыңдар. Мен мұны бірнеше жыл бойы айтып келемін. Ештеңе шықпай жатыр. Орнынан қозғау мүмкін емес, біреулер отыр. Оларды кім қолдайды?", —деген Мемлекет басшысы Біртановқа компания басшылығын қызметтен босатуды тапсырған еді.  


Жаңалықтар
0