АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев ірі қала әкімдерінің назарын мәйітханалар салу мәселесіне аударды.
"Соңғы жылдары жаңа үйлер, ауруханалар салуға көп қаражат бөлініп отыр. Бұл орайда бір мәселені атап өткім келеді. Соңғы жылдары жаңа мәйітханалар салуға аз қаражат бөлініп отыр. Бұл мәселеге көңіл бөлінбей келеді. Әсіресе, ірі қалалар үшін бұл өте маңызды түйткіл", — деді Бекетаев үкімет отырысы барысында.
Министр ірі қала әкімдерінің назарын осы мәселеге аударды.
"Бұл мәселеге жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндік бар шығар. Болмаса республикалық бюджетке өтініш беру керек, — деді ол.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл мәселені Әділет министрлігімен бірге қарастыратынын жеткізді.