АСТАНА, 14 нау – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі болып Ерлан Қошанов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындады", - делінген Ақорданың Twitter-аккаунтындағы ресми хабарламасында.
Сейсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Мемлекет басшысы облыстық маслихаттың жұмысына қатысты.