Қоғам

Патрулдік көлік қағып кеткен баланың ата-анасы полицейлерді жазалауды талап етеді

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда полицейлер қағып кеткен баланың әкесі кінәлілердің заң жүзінде жазасын өтеуін сұрайды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Он жасар Данилдің аяғы екі рет сынған, қазір операциядан соң біртіндеп есін жинап келеді. Әкесі Михаил Ковалев қасында.

"Полицейлер келіп, бар жауапкершілікті мойындарына алатынын айтты. Кешірім сұрап, емделуге көмектесеміз деді. Бәрібір арыз жазамыз, кінәлі адам жазасын алып, көмек көрсетуі тиіс. Бүгін арыз жазамыз", — деді Михаил Ковалев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

бағдаршам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ереже бұзған жүргізушіні қуған полиция баланы қағып кетті

Оның айтуынша, куәгерлер түсірген бейнежазбаны көруге батылы жетпепті, бірақ біраз жайттарды көкейіне түйіп қойса керек. Отбасының көздеп отырғаны ақша емес, бастысы, уәделерінде тұрып, емделуге көмектессе болғаны. 

"Біз ашуға бой алдырып отырған жоқпыз, бірақ жазасын алуы тиіс. Ең бастысы, баламыз аман болса болды", — дейді әке.

Жаңалықтар
0