АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау Мәжіліс депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды орталық сайлау комиссиясы.
"Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі отырыста "Нұр Отан" партиясының мүшесі Альберт Рауды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылдады. ҚР ОСК шешімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды", — деп жазылған хабарламада.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Альберт Рауға Мәжіліс депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.